AI & Digital Bridge 2026
Фотосурет
1–3 қазан аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы өтеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
🔹 1 қазан – мемлекеттік және халықаралық делегациялар, технологиялық индустрия өкілдері қатысатын жоғары деңгейдегі арнайы бағдарлама.
🔹 2–3 қазан – билет иегерлеріне арналған ашық бағдарлама.
Форумды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Астана әкімдігі ұйымдастырады.
AI & Digital Bridge 2026 – Қазақстанның «Kazakhstan is the Eurasian AI Hub» атты ауқымды технологиялық бағытының бір бөлігі. Форум аясында халықаралық технологиялық қауымдастық өкілдері қазақстандық компаниялармен, кәсіпкерлермен, әзірлеушілермен, инвесторлармен және технологиялық экожүйе өкілдерімен тікелей таныса алады.
Пікірлер (0)