Дженсен Хуанг Қазақстанға алғаш рет келеді

Жаңалықтар
view 26
news

Фото: Ресми дереккөзден

NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг Қазақстанға алғаш рет келіп, Астанада өтетін AI MONTH шарасына арнайы қонақ ретінде қатысады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Сапар ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің шақыруымен, Astana Hub қолдауымен өтеді.

 23 қыркүйек – 23 қазан аралығындағы AI MONTH AI мамандарын, әзірлеушілерді, стартаптар мен технологиялық компанияларды біріктіреді.

Бағдарламада HackAlem AI, Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің отырысы және 2–3 қазанда өтетін AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы бар.

AI MONTH – Қазақстанның AI және цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастығын дамытуға арналған маңызды алаң.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *