Әйел айналмалы дөңгелектен құлап мерт болды (видео)
Жаңалықтар
255
Сурет: видеодан скриншот
Желіде Алматыда айналмалы дөңгелек астында жатқан әйелді көрсететін видео пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Горький саябағы деген атпен белгілі орталық демалыс саябағында болған,-деп хабарлайды Janabastau.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға сағат 16:00-де болған. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті әйелдің қайтыс болғанын хабарлады.

"Әйел жедел медициналық жәрдем келгенге дейін қайтыс болды", – делінген хабарламада.
Өлімнің нақты қалай болғаны және марқұмның жасы туралы мәліметтер әзірге белгісіз.
Алматы қаласының полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Пікірлер (0)