7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған Төреғали полицейлерге ән арнады

Жаңалықтар
view 238
news

Сурет: ашық дереккөзден

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі қазақ полициясы туралы ән шығарып, көпшілікке жаңа бейнебаянын ұсынды. Жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған өнер иесінің тың туындысы желіде қызу талқыға түсті,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

Төреғали Төреәлі Instagram-дағы парақшасында полиция қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, олардың құрметіне ән шығарғанын жария етті.

“Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, ішкі істер органдарының қызметкерлері. Сіздерді “23 маусым – Қазақстан полициясы күні” мерекесімен құттықтаймын Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз! Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын”, - деп тілегін жолдады өнер иесі.

«Ұлы дала баласы» қазақ полициясы туралы әніне түсірілген бейнебаянынан үзіндіні көрсетті. Видеода әнші полиция қызметкерінің рөлін сомдап жүргенін көруге болады. Өнер иесі аталмыш туындының жарыққа шығуына қолдау көрсеткен жақын достарына, ІІМ мен Алматы қаласының полиция департаментіне алғысын айтты. Бейнебаянның бас демеушісі әртістің күйеубаласы Дархан Нортаев екені белгілі болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *