«Әйеліме «қандай әдемісің» деп лайк басқан»: Берденовке оқ атқан айыпталушы шындықты жайып салды

Жаңалықтар
view 427
news

коллаж: Alash.kz

6 тамызда Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты сот процесі басталды. Айыпталушы Ернар Жиенбай өз әрекетіне не себеп болғанын ашық айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның сөзінше, оқиға қызметтік мәселеден емес, қызғаныштан туындаған.

– Қоғам, халық естісін деймін. Бұл оқиғаның жұмысқа еш қатысы жоқ. Бәрі қызғаныштан болды, – деді ол сотта жауап беру барысында.

Жиенбай әлеуметтік желілерде тараған қауесеттерді жоққа шығарып, жұбайын қорғауға тырысты. Айтуынша, екеуі алтыншы сыныптан бері таныс, әйелі – тәрбиелі, адал жар. Сонымен қатар, отбасында аутизм диагнозымен дүниеге келген ұл өсіп жатқанын да жеткізді.

Сотталушының сөзінше, олар көршілес көшеде тұратын, сондай ерекше баласы бар Берденовтің туыстарымен аралас болған. Әйелі жиі сол отбасымен түрлі дамыту шараларына қатысқан.

– Әйелім "қара кассада" ойнайтын отырыстарда да болған. Бірде телефонынан Руслан Берденовтің "Сен әдемісің" деп жазған хатын көрдім. Бастапқыда мән бермедім. Ондай сөздерді әпкеме де айтып жүрмін, – деді Жиенбай.

Ол қастандық жасалған күннің алдында Берденовтің қабылдауына бармақ болғанын, бірақ әйелі киім дайындап үлгермегенін айтып, соған ашуланғанын жеткізді. Сондай-ақ, әйелі Берденовтің 5 миллион теңгелік костюм киетінін айтқан соң, ашу үстінде әрекетке барғанын мәлімдеді.

Сот процесі мемлекеттік тілде, ашық түрде өтіп жатыр. Жәбірленуші Руслан Берденов сотқа қатыспаған, оның өкілі Жеңіс Тыныбек шенеуніктің ем қабылдап жатқанын айтты. Айыпталушының әйелі де сотқа қатысуда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *