Ақмола облысы әкімінің Қосшыдағы жұмыс сапары
Редакция таңдауы
128
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Қосшы қаласына келіп, ондағы мектептер мен бірқатар нысандарды аралады. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс әкімі алдымен халықаралық стандарттар бойынша салынып жатқан, 1500 оқушы сиятын мектепке ат басын тіреді. Аталған мектептің құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Бұл мектептің маңызы жоғары болады. Қаланың өзі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен құрылған, сондықтан оған ерекше көңіл бөлінбек. Қосшының дамуына үлкен инвестициялар салынып жатыр», – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.
Одан кейін аймақ басшысы қаланың Абай және Желтоқсан көшелерінде салынып жатқан тағы екі мектептің құрылыс жұмыстарымен танысып, құрылысшыларға бұл жобаны сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі барлық қажетті жабдықтармен қамтылған қалалық полиция бөлімінің жаңа ғимаратына барды. Онда әкімнің назарына елдімекендегі тәртіптің сақталуын бақылауға арналған 150 камераны (оның ішінде 47 камера тас жолға орнатылған) қамтитын бақылау мониторлары ұсынылды.
Облыс әкімі полиция ғимаратынан кейін 18-29 жас аралығындағы белсенді азаматтарды біріктіретін жастар ресурстық орталығында болды. Айта кетерлігі, бұл мекеменің жеке коворкинг-орталығы бар. Онда 5 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Сонымен қатар бұл орталықта жақында Жапониядан келген Ихира Кадзуя білім алады. Біздің мәдениетке қызыққан ол мұнда келіп, мемлекеттік тілді үйреніп жүр.
Әкім сонымен бірге кітап қорында 8 000 кітабы бар қалалық кітапхананы да аралады. Кітап қорының аздығына қарамастан бұл кітапхананың өз оқырмандары бар. Әкім кітапханадан «Jańa bastau» газетін көріп, ерекше қызығушылық танытты. Одан бөлек, жарты жыл бұрын пайдалануға берілген, жас қала тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында құрылған «Art House» спорттық-шығармашылық орталығының да жұмыс барысы сөз етілді. Бүгінде бұл орталықта ашылған 10 үйірме мен секцияға жүзден астам тұрғын келеді.
Олардың өтініші бойынша салынған саябақты абаттандыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Жақында мұнда ойын алаңы салынбақ. Абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ, 2 ай ішінде елдімекеннің әртүрлі ауданындағы тағы 7 ойын алаңның құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр.
Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов өңір басшысына жыл басынан бері атқарған шаруаларын қорытындылап, келесі жылға арналған жұмыс жоспарын бөлісті. Әсіресе, ол жергілікті инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жоспарларға егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, сумен жабдықтау, қоқыс шығару, жылу беру маусымына дайындық, көлік және жол салаларын дамыту секілді мәселелерді ерекше атап өтті.
Сапар соңында өңір басшысы қала ішіндегі жолдарды күрделі жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысты. Жұмыс жобасына сәйкес мұнда жалпы ұзындығы 58,6 шақырым болатын 84 көше қамтылады. Өткен жылы 22 шақырым жол жөнделген болса, ал биылғы жоспар бойынша 14,5 шақырым жолға асфальт төселмек.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)