АҚШ Финляндия мен Швецияның НАТО құрамына енуін мақұлдады

Редакция таңдауы
view 87
news

Джо Байден Финляндия мен Швецияның НАТО құрамына кіруін мақұлдайтын құжатқа қол қойды. Осылайша, қос мемлекеттің солтүстік альянсқа ұзаққа созылған қосылу процесі аяқталуға жақын.  Ресми мәлімдемесінде АҚШ президенті: «Бүгінде НАТО-ның әлемлегі теңдессіз альянс екеніне көз жеткізіп отырмыз. Болашақта да осылай бола бермек. Финляндия мен Швеция қосылып, ұйым мүшелерінің санын 32-ге жеткізсе, әскери одақ одан әрі нығаяды», – деді. Бұл пікірді демократиялық және республикалық партия өкілдері бірауыздан қолдаған. Сонымен қатар «тарихи келісімді» одаққа мүше 30 елдің барлығы қолдауы тиіс. Қазірше 23 мемлекет арнайы шешім қабылдады. Ал Швеция мен Финляндияны «күрдтерге саяси баспана берді» деп кінәлайтын Түркияның ұстанымы әзірге нақтыланған жоқ. Екі елдің НАТО-ға қосылғанын Ресей билігінің өкілдері бір жағынан айыптай қарайды, бір жағынан бұл елдермен ешбір аумақтық мәселе жоқ деп те санайды. Дегенмен Швеция мен Финляндияда НАТО инфрақұрылым орналастыратын болса, Ресей қарсы жауап беретінін ескерткен.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *