Жеңілмейтін Bayraktar
Редакция таңдауы
322
Соңғы жылдары шығыны аз ұшқышсыз ұшақтар мен аппараттардың әскери операциялардағы рөлі артып келеді. Таулы Қарабақта әзірбайжан және армян әскерінің арасындағы қақтығыстан кейін Bayraktar ұшқышсыз аппараты түрік қорғаныс саласының айбынды екенін көрсетті. Қазір Ресей құрылғылары төтеп бере алмай отырған әскери дрондар енді Украинада құрастырылмақ. Демек, келешекте түріктің бұл құрылғысы Германиядағы «Маузер» мен Ресейдегі «Калашниковтың» аналогына айналуы мүмкін деген болжам бар.
16 наурызда түрік компаниясы өзінің алғашқы ұшқышсыз ұшағы MIUS жойғышының (Muharip Insansiz Ucak Sistemi) прототипін шығара бастады. Аппараттың алғашқы рейсі 2023 жылға жоспарланған. Сонымен бірге, 2021 жылдың қарашасында жасалған келісімшартқа сәйкес осы құрылғыларға арналған АИ-322Ф турбореактивті қозғалтқышын Украинаның «Ивченко-прогресс» мемлекеттік кәсіпорны құрастырады.
Bayraktar Украинада
Украина Түркиядан «Байрактарды» сатып алу туралы келісімге 2019 жылдың басында қол қойған. Түркия Украинаға 70 млн долларға алты дрон мен бірнеше әскери техника бергені хабарланды. Бұған дейін Киев «Байрактарды» тек сынақтан өткізіп келген еді. [caption id="attachment_1455" align="alignnone" width="739"] Фото: New York Times[/caption] 3 ақпанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Киевке барды. Ресми сапар барысында сегіз мемлекетаралық құжатқа қол қойылған. Оың ішінде жоғары технологиялар, авиация және ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер Украинада Bayraktar өндіру және техникалық қызмет көрсету зауытын салуға мүмкіндік береді. 19 шілдеде Украина министрлер кабинеті Түркиямен келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Байрактарды атып түсіру өте қиын – ЛНР және ДНР деп аталатындарда мұндай аппаратты анықтап, атып түсіретін әуе қорғаныс жүйелері жоқ. Сондықтан да қазір Украина Қарулы Күштері елеулі артықшылықтарға қол жеткізе алды.Идлиб қақтығысындағы Bayraktar
1975 жылы АҚШ Түркияның қару-жарақ экспортына санкция енгізген соң, Анкара мен Уашингтон байланысы қиындай түсті. Сол уақыттан бастап Түркия өзінің қорғаныс өнеркәсібін дамытуға күш салды. 1996 жылы Түркия америкалық General Atomics компаниясынан 6 ұшқышсыз әуе аппаратын, 2006 жылы Израильден ұшқышсыз Heron құрылғыларын сатып алды. Дегенмен 2010 жылы Израиль билігі Газаға жол тартқан Түркияның тоғыз азаматын өлтіруге бұйрық бергеннен кейін, тараптар дипломатиялық байланысқа нүкте қойды. Негізінен Түркияның қорғаныс саласына 1990 жылдары әкелінген тұңғыш ұшқышсыз әуе аппараттары АҚШ-тағы GNAT пен Израильдің Heron үлгісінде болатын. GNAT-тың жетілген нұсқасы саналатын «Predator» және «Repaer» ұшу кемелерінің 2000 жылдары Түркияға сатылуына АҚШ Конгресі рұқсат берген жоқ. Кейіннен Түркия отандық ұшқышсыз әуе аппараттарын өндіруді қолға алды. Осыдан екі жыл бұрын Идлибтегі ахуал күрт нашарлап, әуе соққысы салдарынан 33 түрік сарбазы мерт болды. Қарымта жауап ретінде Түркия Bayraktar-ды ұшырды.Ердоғанның күйеубаласы – Bayraktar авторы
Әлем назарын өзіне аударған Bayraktar-TB2 құрылғысын 2005 жылы 26 жастағы Селчук Байрактар есімді студент таныстырды. Ол электротехника мамандығы бойынша магистратураны Америкадағы Пенсильвания университетінде, докторантураны Массачусетс техникалық университетінде тәмамдаған. Селчуктің ата-анасы 1984 жылдан бастап Түркиядағы Bayraktar Makina көлік құрау компаниясын басқарған. 2000 жылдан бастап аталған компания дрон шығара бастады. [caption id="attachment_1456" align="alignnone" width="1600"] Режеп Ердоған, қызы Суйеме Ердоған және Селчук Байрактар. Фото: Anadolu[/caption] Алғашқы жылдары Байрактар ойлап тапқан ұшқышсыз аппараттарды мемлекет игілігіне жарату оңайға соққан жоқ: Түркия билігі Bayraktar-TB2-ге күдікпен қарап, қорғаныс саласында қолданудан бас тартқан. Бірақ 2006 жылы инженер Байрактар Түркиядағы ұшқышсыз шағын дрондар байқауында жеңіске жетіп, ресми Анкара елдің оңтүстік-шығысында 19 құрылғыны орналастыруға бұйрық берді. 2009 жылы қыркүйек-қазанда және 2015 жылы ресми делегация алдында сынақтан сәтті өткен Bayraktar-TB2 түрік қорғаныс саласындағы озық техникалар қатарына еніп, Анкара әуе операцияларының негізгі құрылғысына айналды. Ол 7 шақырым биіктікте 24 сағатқа дейін ұшу мүмкіндігіне ие. 150 шақырымға дейінгі қашықтықта 54 килограмнан артық жүк тасымалдай алатын құрылғы байланыс орнату үшін жерүсті басқару станцияларын пайдаланады. Селчук Байрактар есімі түрік жерінде инженер маман ретінде ғана емес, президент Режеп Тайып Ердоғанның күйеубаласы ретінде де белгілі. Байрактар Ердоғанның кіші қызы Сумейеге үйленген. Отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында ол: «Boeing пен Lockheed Martin әлемдегі ең ірі компаниялар. Біз де осы тізімге қосылатын боламыз. Егер Түркия мен ұсынған жобаға қолдау білдіретін болса, 5 жылдан кейін біз дүниежүзілік қорғаныс саласында бір қадам алға шығамыз», – дейді. Расымен, Америкада білім алып, Түкрияның қорғаныс саласына елеулі ықпал еткен Селчук Байрактардың әуе құрылғыларына басқа мемлекеттер де қызығушылық танытып отыр.Bayraktar-мен бәсеке
Әлемде ұшқышсыз ұшатын дрондар мен аппараттардың сан түрі бар. Десе де әуеден соққы беретін, орташа және жоғары биіктікте ұзақ ұша алатын дрон жасаған елдер аз. Қазіргі уақытта Түркия ұшқышсыз ұшу құрылғыларының өндірісі арқылы АҚШ және Ұлыбританиямен бәсекелес мемлекетке айналған. АҚШ әлем бойынша 2001 жылы ұшқышсыз құрылғымен шабуыл жасады. Америкалық RQ-4 Global Hawk дроны аспанда 30 сағат ұшып жүре алады. Бұл дрон жарықта да, қараңғыда да сапалы видео, сурет түсіріп, қажет болған кезде шабуылдай алады. Бүгінде Ресей орта биіктікке ұшатын «Орион» дронын жасаса, Қытай америкалық ұшқышсыз аппаратқа бәсекелес ретінде Wing Loong дронын шығармақ.Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)