«Неге мені ұра береді?!»: Алматы облысында 6-сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған
Фото: ашық дереккөз
Алматы облысы Саймасай ауылында қайғылы оқиға болды. Тұрғын үйдің ауласынан 6-сынып оқушысының денесі табылған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиғаның мән-жайы
Алдын ала деректер бойынша, бала өз-өзіне қол жұмсаған.
Білім басқармасының мәліметінше, отбасы әлеуметтік есепте тұрғанымен, ресми түрде тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе ішімдікке салыну фактілері тіркелмеген. Алайда ауыл тұрғындары баланың анасы мен өгей әкесін жиі мас күйінде көргендерін және балалардың күтімсіз жүргенін айтқан. Олардың сөзінше, отбасының үйі де қараусыз қалған.
«Мен ешкімге керек емеспін»
Куәгерлердің айтуынша, оқиғадан кейін үйге көмір, велосипед жеткізіліп, тазалау жұмыстары жүргізілген. Ауылдықтар мұны «тексеріс алдында жағдайды түзету әрекеті» деп бағалап отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, баланың жеке дәптерінен «Неге маған ұрсып, ұра береді… Мен ешкімге керек емеспін… Мен - жат адаммын» деген жазбалар табылған.
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                 
                 
                 
                 
                                 
                                 
    
Пікірлер (0)