Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласына келді
Өңір басшысы осы объектінің дамушы қала үшін маңыздылығын атап өтіп, қарқынын арттыруды, сондай-ақ жұмыстарды тиісті нормалар шеңберінде орындауды тапсырды.
Қосшы қаласының көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 185 км құрайды, оның ішінде асфальтбетон жабыны 95,7 км, қиыршық тас жабыны 32,2 км және топырақ жамылғысы 57,1 км.
Бүгінде салынып жатқан мектеп-гимназияның, «Нұрай» мектебінің, сондай-ақ өрт сөндіру депосының кірме жолдарының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сапар № 3 мектеп-гимназия мен жалпы білім беретін мектепке барумен жалғасты. Білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалиннің айтуынша, Қосшыда 10 мыңнан астам оқушы оқиды.
«Екі жаңа мектептің ашылуымен біз үш ауысымды білім беруді жойдық. Қалада барлығы 7 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. 1200 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында 4700 орындық 3 мектеп салу жоспарлануда», - деді ведомство басшысы.
«Бұл елдегі 123 камера орнатылған алғашқы мектеп. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін өте дұрыс шешім. Бұл жұмысты жалғастырып, мектеп психологын бақылауға тарту керек», - деп атап өтті өңір басшысы.
Одан әрі Қосшы қаласының әкімі Гайдар Касьянов қаланың бас жоспарының жобасымен таныстырып, алдағы даму жоспарлары туралы хабардар етті.
Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сапар соңында өңір басшысы «Сапа Су» ЖШС темірбетонды қысымсыз құбырлар шығаратын кәсіпорында болып, қала активімен кездесті.
«Біздің алдымызға нақты міндеттер қойылды, өңірді одан әрі дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда. Азаматтарды бағалау – жергілікті атқарушы органдар тиімділігінің негізгі критерийі. Проблемалар жеткілікті, олар жалпыға белгілі. Сондықтан үлкен бірлескен жұмыс күтіп тұр», - деп қорытындылады Марат Ахметжанов.
Динара НҰРАХМЕТ
Пікірлер (0)