Аппарат кеңесі бұл жолы екі тақырыпқа арналды

Саясат
view 3060
news

Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасеновтің өткізетін аппарат кеңесі бұл жолы екі тақырыпқа арналды: мемлекеттік мекемелеріндегі құжат айналымының кейбір мәселелері туралы: кадрлық жұмыс, тәртіптік кеңес мәселелері, қауіпсіздік шаралары. Сондай-ақ аталмыш жиында шаһардың ағымдық проблемалары талқыланды.

Алғаш сөз тізгіні тиген Мемлекеттік мұрағат директоры Л.Абраеваның айтуынша, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжат айналымы Ережесіне сәйкес, барлық құжаттандыру ісі БҚҚ (басқаруды құжатпен қамту) қызметі арқылы жүзеге асырылады. Штаттық кесте бойынша БҚҚ қызметі қарастырылмаған жағдайда бұл міндет лауазымдық тұлғаға жүктеледі. Алайда бұл шарт мемлекеттік құпиясы бар құжаттарға қолданылмайды.

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, жергілікті басқару ұйымдарында іс жүргізу тілі – мемлекеттік тіл, алайда орыс тілі қазақ тілімен бірге тең дәрежеде қолданылады. Қағаз тасығышта рәсімдегенде құжаттың бланкісі пайдаланылады. Құжаттардың қағаз тасығыштағы бланкісі мен электронды шаблоны деректеме құрамы, олардың орналасуы, шрифт гарнитурасы бойынша бірдей. Құжаттар бланкісінің электронды шаблоны рұқсатсыз өзгерту енгізуден қорғалған. Заңға сәйкес, мемлекеттік ұйымдардың бланктерінде мекеме атауымен бірге оның ұйымдастыру-құқықтық формасымен көрсетіліп, Елтаңба бейнеленеді, – деді Л. Абраева.

Мұрағат басшысы сондай-ақ бланктердің, мөрлердің және бұрыштамалардың есепке алынуы, сақталуы және жойылуы Ережесі жайында әңгімелей келіп, оның жүзеге асырылуына ұйымның бірінші басшылары жауап беретінін еске салды. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағат туралы» Заңның 8,13 бабына сәйкес, ведомстволық сақтауда жатқан құжаттар мерзімі өткенде мемлекеттік мұрағатқа жіберіледі. Құжаттар заңды тұлғаның есебінен өңделіп, қорға жөнелтіледі. Мемлекеттік мұрағат өңделген және Экспорттық-бақылау комиссиясының тексеруінен өткен құжаттарды қабылдайды. Ал құжаттарға қасақана зақым келтірілген жағдайда лауазымды тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК) айыппұл салынады. Заң бұзушылық екінші қайтара қайталанған жағдайда айыппұл көлемі 20 АЕК-ге дейін ұлғайтылады.

– Өз кезегінде Персоналды басқарудың және дамытудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы Нұрсұлу Қарамурзина күн тәртібінде тұрған бірнеше өзекті мәселені қозғады. Меритократияға негізделген заманауи мемлекеттік аппаратты дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу тәсілінің ашықтығын арттыру үшін өздеріне жүктелген міндеттерді сапалы орындай алатын білікті кадрлар қажет. Осыған орай, ағымдағы жылдың 1 наурыз айынан бастап Ақмола облысының жергілікті атқа- рушы органдарында мемлекеттік қызметке қабылдаудың «Е-кызмет» интегралдандырылған ақпараттық жүйесі арқылы іріктеу процедурасы енгізілді,– деді бөлім жетекшісі.

Нұрсұлу Аманжолқызының айтуынша, Персоналды басқарудың және дамытудың бірыңғай қызметі өткен 9 ай ішінде 32 конкурс өткізген. Соның нәтижесінде кәсіби талаптарға сай келетін 22 қызметкер жұмысқа қабылданған. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, барлық біліктілік талаптары мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі бағыттарын, сондай-ақ қызметкерлердің лауазымдық құзыреттілігін ескере отырып әзірленеді және ол өкілетті органдар мен оның аумақтық бөлімдері тарапынан мақұлдауы тиіс. Сондай-ақ қызметтік міндетіне салғырт қараған, бекітіліп берілген жұмысты тиісінше атқармаған және бейбастақ әрекет жасаған әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді тәртіптік жазаға тарту жазасы да қарастырылған. Есепті мерзімге дейін тәртіптің комиссияның қатысуынсыз 5 қызметкерге сөгіс және біреуіне ескерту жарияланды. Одан бөлек, тәртіптік комиссияның талқы- лауына бір іс түсіп, лауазым иесіне тағылған айып анықталмады.

– Кейбір бөлімдердің тәртіп бұзған өз қызметкерлері туралы хабарламайтындығы жөнінде фактілер бар. Мұндай қадамдар жоғарыда аталған норманың шарттарына қайшы келіп, қабылданған шешімдердің сапасы мен дұрыстығына күмән тудыртады. Аталған норманы бұзған бас мамандарға бөлім басшысының бұйрығымен сөгіс жарияланды,– деді Н. Қарамурзина.

Одан бөлек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік Департаментінің дерегіне сүйенсек, Ақмола облысының аумағында 2023 жылдың 1-жарты жылдығында лауазымды тұлғаға міндетті қызметтік тексеру процедурасы жүргізілместен, әкімшілік жазасы қолданылғаны туралы факт тіркелген. Әйтсе де Президент жарлығына сәйкес, мемлекеттік қызметкердің әрекеті елеусіздеу тәртіп бұзушылық сипатына жататын болса және ол өзінің кінәсін жазбаша түрде мойындап тұрса, онда өкілетті тұлға айыпталушыға сөгіс немесе қатаң сөгіс берудің орнына Ереже бойынша еш қызметтік тексерусіз ескерту жасай салуға да құқы бар. Аппарат жиынының соңында қала әкімі Гайдар Қасенов жаңадан басталған оқу жылын лайықты өткізу, жылу беру маусымына даярлықты пысықтау, пайдалануға берілетін нысандарды инженерлік желіге қосу, тұрғындардың тұрмысын жақсартуға арналған тағы басқа да бірқатар тапсырмалар берді.

Дәулет АСАУ

.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *