Актер Мұрат Бисембиннің жағдайы белгілі болды

Жаңалықтар
view 226
news

Фото: instagram.com/jemappelledali

Мұрат Бисембиннің жағдайы тұрақтанды, ол ауруханадан шығарылуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында хабарлады, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігінің тілсіші.

Инсульт орталығының меңгерушісі Азиз Исмаиловтың айтуынша, науқас ауруханаға ауыр хәлде түскен. Барлық қажетті ем-дом жүргізіліп, жағдайы тұрақтанғаннан кейін ол әрі қарай ем алу және ПМСП дәрігерлерінің бақылауында болу үшін ауруханадан шығарылуға дайындалуда.

Актердің қызы Диана Булатова аурухана қызметкерлеріне және қолдау білдірген қазақстандықтарға алғысын айтты.

«Қазір мені аурухананың барлық медицина қызметкерлеріне және бізді қолдап, әкемнің сауығып кетуіне шын жүректен сеніп отырған барша адамдарға деген ризашылық сезімі кернеп тұр. Құдай қаласа, келесі жылы жақсы жаңалықтармен ораламыз. Баршаңызға үлкен рақмет», — деді Диана Булатова аурухананың Instagram парақшасында жарияланған бейнеүндеуінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Диана әкесінің — белгілі актер Мұрат Бисембиннің инсультпен ауруханаға түскені туралы жазба жариялаған болатын.

Ауруханадан түсірілген фото және бейнематериалдармен актер Саят Исембаев та бөлісті. Жарияланған кадрларда Мұрат Бисембиннің жақында жасалған операциядан кейін палатада жатқанын көруге болады.

Оқи отырыңыз: «Сенбеңіздер, өтінемін»: Ауыр дертке шалдыққан актердің қызы шұғыл хабар таратты (ФОТО)

Актердің отбасы мен әріптестерінің хабарламаларына мыңдаған қолданушы үн қатты. Пікірлерде Қазақстаннан және өзге елдерден келген жанкүйерлері Мұрат Бисембинге қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуін тілеп, денсаулығы үшін дұға жасап жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *