«Сенбеңіздер, өтінемін»: Ауыр дертке шалдыққан актердің қызы шұғыл хабар таратты (ФОТО)

Жаңалықтар
view 580
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Белгілі актер Мұрат Бисембиннің қызы желідегі парақшасында әкесі туралы жарияланып жатқан ақпараттарға сенбеуге шақырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Танымал актер инсулть алып, шұғыл ауруханаға түсті

Достар, менің атым – Булатова Диана. Кейбіріңіз мені Дали деп танисыздар. Кейбір жаңалықтарда айтылып жүрген Сафияның кім екенін мүлде білмеймін. Менің бар болғаны екі туған ағам бар, олардың ешқайсысының аты Сафия емес. Мен – отбасындағы жалғыз қызбын. Қазіргі уақытта әкем әлі де дәрігерлердің бақылауында ауруханада жатыр, жанында үнемі анам бар. Жылы лебіздеріңіз бен шынайы қолдауларыңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Қолдауларыңызға рахмет, сіздер ең керемет жандарсыздар. Әкем туралы жарияланып жатқан әрбір ақпаратқа сене бермеңіздер. Өтінемін, сақ болыңыздар, – деп жазды Диана Болатова.

Пікірлер (1)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *