Алаяқтар клинингтік қызмет көрсетушілердің кейпіне еніп, бірнеше пәтерді тонаған (видео)
Жаңалықтар
358
Видео скрин
Ақтау қаласында ер адам мен әйел клинерлердің кейпіне еніп, сегіз пәтерді тонап кеткен, – деп хабарлайды janabastau.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленушілер полицияға жүгінгеннен кейін қылмыскерлер тез арада құрықталды. Олардың кінәсі тәркіленген ұрланған мүлікпен және мойындау айғақтарымен дәлелденіп отыр. Күдіктілер Ақтау қаласының бұрын есірткі сақтағаны және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған 39 жастағы тұрғыны мен оның 43 жастағы танысы болып шықты.
Қазіргі уақытта екі фигурант та қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп, олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Оқи отырыңыз
Жаңалықтар
Иранға қанды нөсер құйды
Жаңалықтар
Тұтас бір дәуір өткендей... – Аида Балаева
Пікірлер (0)