Алатауда да көпшілік тегін тамаққа жапатармағай ұмтылды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 241
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Таяуда Алатау ауданындағы дәмхананың ашылуы кезінде жұрт тегін асқа таласып, кептеліс жасады. Бұл жағдайға Алматы облысының полициясы түсінік берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 26 қазанда Жетіген шағын ауданында болған. Полицияның мәліметінше, мекеме әкімшілігі тұтынушы тарту мақсатында тегін ролл мен торт тарату акциясын ұйымдастырған.

Акция жақын маңдағы жексенбілік базардың жұмыс уақытымен тұспа-тұс келгендіктен, бұл сәт келушілердің санын одан әрі арттырған. Ал шара туралы хабарлама дәмхананың тұрақты тұтынушыларына SMS арқылы жіберілген.

Тексеру нәтижесінде акцияның әкімдікпен келісілмегені анықталды. Сонымен қатар мекеме әкімшілігі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпей, көп адамның қозғалысын бақылауды ұйымдастырмаған.

Мекеме иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 443-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету талаптарын бұзғаны үшін кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды,  деп хабарлады полиция департаменті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *