Қазақстандық оқушылар Олимпиадада төрт дүркін чемпион атанды

Жаңалықтар
view 230
news

Фотосурет: gov.kz

Қазақстан оқушыларының робототехникадан Ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025 Бүкіләлемдік Олимпиадасында биыл қатарынан төртінші жыл жеңіске жетті.

Әлемнің 190 елінен келген командалардың ішінен NIS Алматы-Медеу мектебінің 9-10 сынып оқушылары бірінші орынды иеленіп қана қоймай, бірден мынадай екі жоғары марапатты жеңіп алды:

Grand Challenge Award (алтын) – Роботтардың біліктілік ойындарында рекорд орнатқан абсолютті чемпиондарға берілетін турнирдің Бас жүлдесі.

Albert Einstein Award (алтын) – Үздік инженерлік әзірлемелері, техникалық шеберліктері мен командалық жұмыс және көшбасшылық жетістіктері үшін берілетін Жоғарғы төрешілік марапат.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *