АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Қосшы жаңалықтары
279
Қосшы қалалық әкімдігіне тұрғындар тарапынан жылумен жабдықтауға қатысты өтініштер түскен. Осыған орай қала әкімінің орынбасары Әлихан Қуатбеков, "Қазандық АСИ" ЖШС жылу технигі, мүлік иелерінің бірлестігі слесарі және мүлік иелерінің бірлестігі төрағаларының қатысуымен комиссиялық тексеру жүргізілді. Бұл туралы Қосшы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Комиссиялық іс-шара алдында қала әкімнің орынбасары орталық қазандықтың жұмысын тексеріп, қазандықтың штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізді. Ал, пәтерлерді тексеру барысында ешқайсысында +21 градустан төмен температура тіркелмегені, батареялардың ыстық болып тұрғаны анықталды. Сонымен қатар, омиссия мүшелері тарапынан терезелер мен балкон есіктерін жылылау туралы ескертулер жасалды. Бұл фотофиксациямен расталатын болады.
Сондықтан тұрғындар шағым берер кезде терезелердің оқшауланғанына көз жеткізіп, үй ішіндегі жылыту жүйесінің жақсы жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін мүлік иелерінің бірлестігі сантехнигын шақырғаны абзал. Сондай-ақ, жоғарыдағы тармақтар бойынша ескертулер болмаған жағдайда нақты мекенжайын көрсете отырып, себептерін анықтау үшін жылумен жабдықтаушы ұйымға шағыммен жүгінуге болады.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қосшы қаласында жаңа туған нәрестенің денесі жол жиегінде табылды
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда ұлттық рухты ұлықтаған ауқымды іс-шара өтті
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда жас жұбайлар референдумда дауыс берді
Пікірлер (0)