КӘСІПОРЫНДАР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ
Қосшы жаңалықтары
95
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын сапа» сыйлығының және «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қаламыздағы «Сапа су» ЖШС-і «Өндіруші бағытындағы Қазақстанның Үздік тауары» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы қала әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Фархат Байқасов хабарлады.
Салтанатты жиында байқаудың дәстүрлі «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық үшін үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша марапаттар берілді. Әр номинация бойынша үш жеңімпаз марапатталды. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша беделді марапатқа бүгін «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік кезеңінің жеңімпазы – темірбетон бұйымдарын шығаруға мамандандырылған «Сапа Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, атап айтқанда темірбетонды қысымсыз қоңыр құбырлар өндірісінде жұмыс жасайтын кәсіпорын ие болды. «Сапа су» ЖШС-салыстырмалы түрде жас кәсіпорын, ол 2013 жылы құрылған.
«Сапа су» ЖШС бас директоры Бауыржан Мамбетжановтың айтуынша, компанияда жеке өндірістік сынақ зертханасы бар, онда мамандар инертті материалдың сынамаларын, сапаны анықтау бойынша зерттеулер, техникалық көрсеткіштерді бақылау, физикалық-механикалық және физика-химиялық қасиеттерін жүргізеді, дайын өнімнің беріктік, су өткізбейтін, аязға төзімділік көрсеткіштеріне сәйкестігіне және т.б. бойынша сынақтар жүргізеді.
Марапаттау рәсімі аясында «Іскер» сыйлығының жеңімпаздары да "құр алақан" қалмады. Естеріңізге сала кетейік, «Іскер» сыйлығы Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысушылар арасынан өз қызметінде табысқа жеткен, өз тауарларын үнемі жетілдіруге және оның сапасын жақсартуға ұмтылатын компанияларға беріледі.
Ағымдағы жылы он компанияның ішінде «Іскер» арнайы сыйлығы «Компания Алтын-Қазық» ЖШС берілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі отандық нарықта компания 16 жылдан астам жұмыс істеп келеді және бүгінде ол осы салада көшбасшы болып саналады. Компанияның бас директоры Айдар Нығметов кәсіпорынның негізгі бағыты елорданың азық-түлік белдеуі аясында ақмолалықтарды «егістіктен үстелге дейін» қағидаты бойынша сапалы және жаңа ет өнімдерімен қамтамасыз етуді мақсат тұтатынын айтады. Бұл ретте, басты шарт өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесіне қатаң сәйкестікте қажетті технологиялық режимдерді сақтай отырып қол жеткізілетін өнім сапасы мен қызмет көрсету қызметтерінің жоғары деңгейін ұстап тұруға назар аударады.
««Алтын-Қазық» компаниясы» ЖШС өз тұтынушыларына салқындатылған және мұздатылған ет түріндегі ет өнімдерін, түрлі ет деликатестерін, шұжықтар мен жартылай фабрикаттарды, «Астаналық тағам» және «Алтын Таға» брендімен ұсынады. Айта кетейік, биылғы жылдың жазында бұл компания Сауд Арабиясына қой мен сиыр еттерін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне енгізілген.
Азамат ЖАППАР
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)