Отбасы сәні - сыйластық, достың сәні - қимастық
Қосшы жаңалықтары
587
Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қашан да өзектілігін жоғалтпаған. Ресми статистикалық мәлімет бойынша елде отбасылық зорлық-зомбылық әрбір үшінші жанұяда кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды екен. Бұл олқылылықтың алдын алу мақсатында Қосшы қаласында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты республикалық акциясы өткізілді. Акция барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, полицияға деген сенім деңгейін арттыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сала мамандарының сөзінше, қоғамда маңыздылығы зор бұл акция тек іс-шаралар өткізумен ғана шектеліп қалмайды. Бұл жоба жыл көлемінде ауқымды жұмыстармен жалғасын табатын болады. Осы ретте, мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ата-аналармен тұрақты байланыс жүргізу, қоғамдық орындарда тұрғындармен әңгімелесу арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары белсенді түрде жүргізілетін болады. Айта кетсек, аталған акция 25 қараша – әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күнінде басталған. Республикалық деңгейде іске асқан науқан қалада 10 желтоқсан - Адам құқықтары күніне дейін жалғасуда. Республикалық науқанның басты мақсаты – ана мен баланы қорғау.
«25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қосшы қаласында республикалық "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы өтуде. 16 күнге жалғасқан шараның алғашқы күні Қосшы қаласының Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Көңбай Айнагүлдің төралығымен арнайы дөңгелек үстел өткізілді. Жиында Қосшы қаласының жауапты мекеме басшылары акцияны өткізу бойынша жоспарды талқылаған болатын. Бұл жұмыстардың барлығы отбасында қыз-келіншектерге қатыгездік көрсету, күш қолдану, жәбірлеу, тіл тигізу, ар-намысын таптау секілді қоғамдық резонанс тудыратын қылмыстардың әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық түйінін шешуге бағытталған. Акция барысында қалалық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі жұмыс тобы, полиция бөлімімен, мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс атқарды",- деді Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Казенова Саням Милхайдарқызы.
Бас маманның мәліметінше, Қосшыда азаматтар көп жиналатын орындарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жадынамалар таратылды. Әлеуметтік желіде "отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ" ұранын насихаттайтын бейнероликтер ел назарына ұсынылды.
"Сонымен қатар, қоғамдық көліктер, аялдамаларда, қоғамдық орындар мен әлеуметтік желілерде адам өмірі мен денсаулығына зақым келуден қорғау мүмкіндіктері және колл-орталықтары мен отбасын қолдау орталықтары туралы ақпараттар орналастырылды. Қосшыда әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі жұмыс тобы да халыққа қызмет етеді. Олардың атқаратын жұмысының бір бағыты дәл осы саланы қамтиды. Аталған жұмыс тобы да ауқымды акцияға белсенді түрде қатысқанын атап өткім келеді",-деп ойын қорытындылады Саням Милхайдарқызы.
Республикалық акция аясында қалалық тәртіп сақшылары жалпы білім беретін мектептерде окушыларға арнайы дәріс, тренинг өткізуді қолға алды. Сонымен қатар, халықтың қалың жігін қамтуға бағытталған кең ауқымды ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізді. Акция аясында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылар мен профилактикалық әңгімелерде өткізілген. Тәртіп сақшылары тарапынан атқарылған жұмыс туралы толық ақпарат алу мақсатында Қосшы қаласы, Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Мұхтар Рахметовты әңгімеге тарттық.
"Жалпы бұл акция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, полиция органдарына деген сенім деңгейін арттыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында іске асты. Іс – шараның негізгі мақсаты-әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы бұқараны таныстыру, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ отбасының қоғамдағы рөлін нығайту болып табылады. Жалпы халық арасында 450-ден астам тақырыптық жадынамалар мен буклеттер қоғамдық орындарда таратылды. Сондай-ақ, акция барысында полиция кызметкерлері тұрғылықты жері бойынша отбасылык-тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасаған және полция бөлімінің профилактикалық есебінде тұрған, тұрмысы нашар отбасылардың тізіміндегі азаматтарды тексерді. Бұдан өзге, Қосшы қалалық Полиция бөлімінің қызметкерлері мас күйдегі қылмыстың, жалпы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқаратын жұмыс барысын күшейтті"- деді учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Мұхтар Рахметов.
Жыл басынан бері, Қосшыда тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасағаны үшін учаскелік полиция инспекторлары 27 құқық бұзушылық дерегін анықтап, заңды елемеген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Бұдан өзге күнделікті тұрмыстағы жағдайды бақылау мақсатында Қосшы қаласы Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері заңда көзделген құқық бұзушылық жөніндегі іс материалдарын сотқа ерекше талапқа сай есепке алу туралы өтінішті де жолдайды. Жыл басынан бері осындай 9 құқық бұзушы есепке тіркелгенін атап өткен жөн. Отбасылық тұрмыстық қатыснас саласындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында Қосшы қалалық ПБ жеке құрамымен отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушыларға қатысты 46 қорғау нұсқамасы қойылған. Оның ішінде 3 құқық бұзушы бұл нұсқама талабын бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Ал 7 азаматқа ерекше талаптар қойылған",- деп атқарылған жұмыстарды баяндады учаскелік полиция инспекторы.
Айта кетсек, Қосшылық сала жауаптылары, зорлық-зомбылық мәселелеріне қатысты ағартушылық, мәдени іс-шаралар өткізу жұмыстарына да ерекше назар аударып отыр. Білікті мамандар мен тәртіп сақшыларының үздіксіз атқарып жүрген профилактикалық жұмыс нәтижесінде шаһарымызда мұндай зорлық-зомбылық деректері азаярына сеніміміз мол.
Азиза ӨТЕУЛИЕВА
Саням Казенова, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы: Мұхтар Рахметов, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаныОқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)