«Art Sport» үйірмесіне 2500 жас қамтылған
Қосшы жаңалықтары
155
Спорт - адам өміріне орны орасан зор салауатты өмір салтының негізі. Бұл ретте бұқаралық спортты дамыту мен халықтың денсаулығын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысы халыққа арнаған өз Жолдауларында бұл мәселеге айрықша тоқталып, халықтың спорт және денешынықтырумен шұғылдануына ерекше көңіл бөлуде.
Осы орайда Қосшы қаласының әкімдігінде «Art Sport» бағдарламасы аясында жұмыс істеп жатқан спорт үйірмелерінің жетекшілерімен кездесу өтті. Кездесу барысында қаладағы алдағы уақытта бұқаралық спортты дамыту бағытында жасалатын жұмыстар талқыланды Сондай-ақ ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы түсіндірілді.
Естеріңізге сала кетсек, балаларға арналған тегін клубтар бағдарламасының өзі 2020 жылы жұмыс істей бастады. Балалар жылы аясында бала құқығын қорғау жөніндегі уәкілі, қоғам белсендісі Аружан Саинның бастамасымен, тегін үйірмелер негізінде «Art Sport» бағдарламасы енгізілген болатын. Осы бағдарлама негізінде Қосшы қаласында 12 спорт клубы жұмыс істейді. Атап айтқанда Дзюдо, еркін күрес, қазақ күресі, аралас жекпе жек түрлері, үстел теннисі, шахмат, баскетбол, волейбол, футбол және тағы басқа түрлерімен 2500 жуық қосшылық жас шұғылдануда. Кәсіпкерлердің айтуы бойынша аталған спорт түрлеріне жастардың қызығушылғы артуда.
Салтанат ЕСЕНҚҰЛОВА
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)