Өрендер өрлеп келеді
Қосшы жаңалықтары
194
Елордада балабақша тәрбиеленушілері арасында шахматтан турнир өтті. Дәстүрлі дода Астана қаласындағы «Абадан» балабақшасында осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Қосшы қаласының намысын «Bal Bala» балабақшасының бүлдіршіндері қорғады. Жалпы тәлім мекемесінен 11 бүлдіршін сайысқа қатысты. Турнирге Астанадағы өзгеде 3 мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиеленушілері қатысты. Турнир бірнеше кезең бойынша өткізілді. Дүбірлі додаға 5-6 жас аралығындағы балабақша тәрбиеленушілері қатысып, өзара мықтыны анықтады. Сайыс нәтижесінде «Bal Bala» балабақшасында тәлім алып жүрген 3 бүлдіршін жүлделі бірінші орынды иеленді. Басқа спорттың түрлеріне қарағанда, бұл ойында ой жүйріктігі аса қажет. Сайысқа қатысқан балғындар қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салды,- дейді «Bal bala» балабақшасының меңгерушісі Манаргүл Исламқызы.
«Шахмат турнирі қызыты да, тартысты өтті. Жарысты ұйымдастырған мектепке дейінгі білім беру ұйымының ұжымына алғысымды білдіремін. Балалар небәрі 5-6 жаста болғанына қарамастан, бір-біріне дес бермей өте керемет ойын көрсетті. Ойын бойы балабақшалардың балалары қызу сайысты, ойынның барлық жолдары мен комбинацияларын ойластырды. Жас шахматшылар өздерінің жарысқа қатысуларын кездейсоқ еместігін дәлелдеуге тырысты. Турнирдің қорытындысы бойынша біздің 4 бүлдіршініміз 2 орынды қанжығаға байлады. Ал үшеуі бірінші орынды меленді. Бұл шараның негізгі мақсаты балалардың шахматқа қызығушылығын оятып, ой өрісін дамыту болып отыр. Біздің тәлім алушылар арнайы шахмат үйірмесіне қатысқан соң, осындай жоғары дәрежедегі жетістікке жетіп отыр,- деді Манаргүл Исламқызы.
Жалпы, шахмат ойыны - спорттың жоғары дәрежелі зияткерлік түрі. Ол үлкен шыдамдылықты, шығармашылық ойлауды және өзін-өзі ұстай білуді талап етеді. Сондықтанда «Bal Bala» балабақшасында шахмат үйірмесіне қатысушы бүлдіршіндірдің саны артуда. Ата-аналар балаларының зияткерлік ойынмен айналысқанын құптаса, мектепке дейінгі білім мекемесі оған барлық жағдайды жасаған. Нәтижесі де жоқ емес, тәрбиеленушілер түрлі дейгейдегі жарыстарға қатысып, үздіктер қатарынан көрініп жүр. Оның дәлелінің бірі дәл осы турнирдің қорытындысы болып отыр.
«Біздің балабақшада балалардың шахметпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті арнайы бағдарлама да әзірленген. Бұл ойын түрі бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Жалпы балабақшада шахмат сабағын енгізу жобасы Аргентина, Канада, АҚШ, Еуропа, Иран және Қытай мектептерінде кеңінен қолданылады. Шахмат сананы жетілдіріп, логикалық ойлау жүйесін дамытады. Ал, мұндай қасиеттер оқушылардың сабақ оқуда үлкен жетістіктерге жетуіне негіз болады. Ерте жастан шахмат ойнауды үйрену көптеген балаларға құрдастарынан артта қалмауға көмектеседі. Сонымен қатар, тұйық балалардың шығармашылығының дамуына жол ашады»,- деп ойымен бөлісті балабақша меңгерушісі.
Жалпы, Астана қаласында балабақша бүлдіршіндері арасындағы турнир келесі жылыда ұйымдастырылалы деп жоспарланған. Қосшы қаласындағы тәлім мекемесінің тәрбиеленушілері кезекті сайысқа дайындық жұмысын күшейтбекші. Ол үшін арнайы үйірме барысында жаңа әдістерді үйренетін болады. Ал биылғы турнирде Қосшы қаласының намысын қорғаған балалар жүзден жүйріп атанып, жүлделі орынмен оралғаны қуантады. Сайыс соңында, жеңімпаздардың барлығы арнайы сыйлықтарға ие болып, дипломмен марапатталды. Ендеше «Болам деген баланың, бетін қақпа, белін бу», демекші, балабақша ұжымы бүлдіршіндердің шахмат ойындарымен әрі қарай айналысуына сеп болатынын айтуда. Алдағы уақытта республикалық, халықаралық турнирде еліміздің атын әлемге таныта берсін деген тілек бізден болсын!
Салтанат ЕСЕНҚҰЛОВА
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)