Әлемдік БАҚ: Қара жәшіктен алынған ақпарат Қазақстан билігіне жіберілді

Жаңалықтар
view 533
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Бразилияның Әскери-әуе күштерінің авиациялық апаттарды зерттеу және мәліметтерді беру орталығы Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағының қара жәшіктерінен алынған деректерді оқыды, деп хабарлады janabastau.kz бразилиялық G1 порталына сілтеме жасап.

"Екі самописцеден деректер алу, жинау және тексеру жұмыстарын аяқтадық", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері. Сонымен қатар, O Globo газеті хабарлағандай, алынған ақпарат қазір Қазақстан билігіне жіберілді.

Еске салсақ, 25 желтоқсан күні таңертең Баку - Грозный бағыты бойынша ұшып шыққан AZAL әуе компаниясының №J2-8243 рейсі Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақта 67 адам болған, сондай-ақ 5 экипаж мүшесі бар. Соңғы мәліметтер бойынша, апаттан 38 адам қаза тапты, оның үшеуі экипаж мүшесі. Қалған жолаушыларға амбулаторлық және психологиялық көмек көрсетілуде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *