Алғабас ауылындағы алапат өрт: ауруханада жатқан 7 жасар қыз қайтыс болды
Фото: Shutterstock
18 қараша күні Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз. Өрттен тірі қалған 3 адамның жансақтау бөлімінде жатқаны айтылған еді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Түркістан облысында тұрғын үйде болған алапат өрттен 12 адам қаза тапты
«Құтқарыңдаршы» деп айғайлады»: Көршілері қайғылы оқиға туралы айтты (ВИДЕО)
Бүгін ауруханада ауыр жарақат алған 7 жастағы қыздың да қайтыс болғаны мәлім болды.
Алапат өрттен бұған дейін 12 адамның, оның ішінде 9 баланың көз жұмғаны қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырған-ды. Бүгін қаза тапқан балалардың саны 10-ға жетіп отыр.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Қош келдің, 31-қысым!»: Өрттен қаза тапқан келіншектің соңғы ВИДЕОСЫ
«Қылмыстық құрам жоқ»: Бозымбаев 12 адам қаза тапқан өрт жайлы айтты
Жетісайда болған алапат өрт: тірі қалғандарды қандай дәрежеде күйік шалған
Ол Жетісайдан тікұшақ арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген еді. Дегенмен дәрігерлер қанша барын салса да 7 жастағы қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Марқұмның денесі туған ауылына жеткізіліп, жер қойнына тапсырылған.
Пікірлер (0)