Жетісайда болған алапат өрт: тірі қалғандарды қандай дәрежеде күйік шалған
Фото: видеодан скрин
Вице-премьер Қанат Бозымбаев төрағалық ететін үкіметтік комиссия Түркістан облысының Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттен аман қалған үш адамның жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Құтқарыңдаршы» деп айғайлады»: Көршілері қайғылы оқиға туралы айтты (ВИДЕО)
Түркістан облысында тұрғын үйде болған алапат өрттен 12 адам қаза тапты
Дереккөзге сүйенсек, құтқарушылар келген кезде 1986 жылы туған азамат үйден өз күшімен шығып үлгерген. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Денесінің 12% күйік шалған. 1991 туған адамның 30 пайыз денесін, ал, 2018 жылы туған баланың денесін 11% күйік шалған.
Өрттің себебі анықталып жатыр. ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында Өртке қарсы қызмет комитеті мен Тергеу басқармасының басшылық құрамынан құрылған жедел топ жұмыс жүр, - деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)