Алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы берілді

Жаңалықтар
view 242
news

Медицина қызметкері. Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы бірден үш медицина қызметкеріне берілді. Бұл туралы janabastau.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылдан бастап құрметті атақтар қатарына "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" атағы қосылды. "Ұлттық ғылыми медициналық орталығы" акционерлік қоғамының бас директоры А.Байгенжин, "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гематология орталығының басшысы В.Кемайкин және Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының дәрігері Б.Цхай жаңа құрметті атақтың алғашқы иегерлері атанды", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін президент Республика күні қарсаңында бірқатар қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын. Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *