Алғашқы қоңырау: Аймағамбетов биыл да Қосшыға келе ме?
Редакция таңдауы
273
Қосшыдағы әліппе естелігі
Естеріңізде болса, Асхат Аймағамбетов былтыр «Әліппені» бірінші сыныпқа қайтарып, жалпақ жұрттың құрмет-қошеметіне бөленген-тін. Оның алдында Әліппені «Сауат ашу» атты пән ауыстырып, бұл жаңашылдық көзін Әліппемен ашқан алдыңғы буынның біразына ұнамай қалған. Ең қызығы, министрдің Әліппені ресми түрде бірінші сыныптың оқушысына тапсыру рәсімі дәл осы өзіміздің «Лесная Поляна» тұрғын үй алабындағы №2 орта мектепте өткен. Аймағамбетовтың ол тұста Қосшыны таңдауы да тегін болған жоқ. №2 мектепке былтыр бір дегенде бірінші сыныпқа 600-ден астам бала қабылданған еді. №2 мектепте, тіпті, 1 «Ы» сыныбына дейін ашылғаны туралы жаңалықты бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған болатын. «Бұл мектепте алфавит бойынша 1-сыныптың реттілігі «Ы» әрпіне дейін жетеді. Білім ордасындағы оқушы орындарының саны 1200 білім алушыға арналған. Оқу процесі үш ауысымда жүргізіледі. Дәл осы мәселені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. Президент атап өткендей, урбанизация мен демографияның өсуіне байланысты 2025 жылға қарай оқушы орнының тапшылығы шамамен 1 миллион орынды құрайды. Мәселені шешу үшін биыл 200 жаңа мектепті пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Ал, 2025 жылға дейін біздің алдымызға әкімдіктермен бірлесе отырып, 1 мың мектеп салу бойынша міндет қойылды», – деген еді Аймағамбетов. Аталған мектеп былтырғы оқу жылын 4886 оқушымен бастаған. Ал биыл Қосшыда жаңадан мектеп ашылып жатқандықтан, №2 мектепте жүктеме едәуір азаяды. Алайда бұл да мәселені түпкілікті шешеді деуге әлі ерте. Бейресми түрде Қосшы қаласында көп адам тұратындықтан, жаңа мектеп қажеттілігі шаһарда жыл да сезілетін түрі бар. Қосшы қаласының құрылыс бөлімінің мәліметіне қарағанда, Қосшыда бюджет есебінен 1200 орындық тағы екі мектеп салынып жатыр. Олардың бірі «Лесная поляна» тұрғын үй алабында орналасқан. Нысанда қабырғасы көтеріліп, ішкі әрлеу жұмыстары атқарылып жатыр. Ал екіншісі Абай көшесінде бой көтереді. Онда да құрылыс жұмыстары басталып кеткен.«Қосшы мәселесі басқаға да тән»...
Үкіметтің осы аптаның сейсенбісінде өткен отырысында Асхат Аймағамбетовке Қосшыдағы мектеп мәселесі сұрақ болып тағы қойылды. Бас қалаға бар-жоғы 20 шақырым жердегі қаланың проблемасын министр білетінін аңғартты. «Қосшыда үш мектеп ашылуы керек. Бір мектеп меценат тарапынан салынады деген ақпаратты естіген шығарсыздар. Сондай шешім қабылданды. Екі мектеп жергілікті бюджет арқылы бой көтереді. Осы алдыңғы жылы мен барған мектеп қазір салынып бітіп, қолданысқа берілуі керек. Сондықтан үш ауысымдағы мектептегі балалар осы мектепке көшіп, бұл мәселе де өзінің шешімін табады деген ойдамын», – деді министр Үкіметте тілшінің сұрағына жауап бере отырып. Асхат Аймағамбетовтың айтуына қарағанда, мектеп мәселесі тек Қосшының проблемасы емес. Астананың маңайындағы ауылдарға да тән. «Олардың бәрінің проблемасын бірдей шешу керек. Үш ауысымды мектептердің мәселесі осы. Қосымша мектептер де салынады», – деді ол. Ал «Былтыр алғашқы қоңырауды Қосшыда қарсы алдыңыз. Биыл да келесіз бе?» деген сұраққа министр «Басқа жаққа барамын» деп күле жауап берді.Оқу жылының биылғы жаңалығы
Айта кетерлігі, жаңа оқу жылында елімізде 3,6 млн баланы қамтитын 7 637 мектеп жұмысын бастайды. Биылғы оқу жылының ерекшелігі – Оқу және ағарту министрлігінің шешімімен оқу уақыты әдеттегідей 25 мамырға дейін емес, 31 мамырға дейін созылады. Осы оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 36 аптаға созылып 31 мамырда аяқталады. Яғни, жаздың бірінші күнінен бастап оқушылар дәстүрлі жазғы демалыстарына шығады. Сәйкесінше жаз айлары толығымен балалардың демалыс уақыты бола береді. Жазғы демалыстың ұзақтығы білім саласындағы көшбасшы елдермен салыстырғанда ең ұзақ – 92 күнді құрайды. Жалпы, бір оқу жылында балаларға 4 рет демалыс қарастырылған. Оған қоса, демалыс және мереке күндерін есептегенде балалар жыл бойы барлығы 192 күн демалып, тек 173 күн мектепке баратын болды. Үкімет Асхат Аймағамбетовтың оқу уақытын ұзарту туралы шешімін қолдап отыр.Нұрән Әділет
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)