Қазақстан-Сингапур іскерлік кеңесі құрылды

Редакция таңдауы
view 118
news

Қазақстан-Сингапур ынтымақтастығын дамыту мақсатында қос елдің бірлескен іскерлік кеңесі құрылды. Іскерлік кеңестің ашылуына вице-премьер, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты. Сингапурге екі күндік сапары кезінде сыртқы істер министрі, ел президенті Халима Якубпен жүздескен. Ресми мәліметтер бойырша, құрамына екі елдің алпауыт компаниялары кірген бизнес-қауымдастық сауда және инвестиция саласындағы әріптестікті ілгерілетуді көздейді.  Сонымен қатар тараптар қос елдің экономикалық, мәдени ынтымақтастығын нығайту жолдарын талқылаған. Қазақстанның Сингапурдегі Төтенше және өкілетті елшісі Әркен Арыстанов: «Сапар барысында Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатқысы келетін сингапурлық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар іскерлік кездесу өтті. Атап айтқанда, жобалаумен айналысатын компания Қазақстандағы G4City (Джи фо сити) жобасына қызықты. Ал Қазақстан Теміржолы ұлттық компаниясы әлемге танымал көліктік хаб саналатын Сингапур портымен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Сондай-ақ Қазақстан-Сингапур іскерлік кеңесі жұмысын бастады», – дейді. Жалпы былтырғы жылдың қорытындысы бойынша алыс-беріс көлемі 1 млрд АҚШ долларынан асқан. Биыл оны 3 есе арттыру жоспарда бар. Сапар барысында Мұхтар Тілеуберді сингапурлық әріптесі Вивиан Балакришнан және еңбек ресурсы министрі Тан Си Ленгпен де кездесті. Қос тарап инфрақұрылым, логистика, ауыл шаруашылығы, баламалы энергия және жоғары технология салаларында бірлескен жобаларды қолға алу жайында келіссөздер жүргізді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *