"Әлі алдыма келесіңдер": Роза Рымбаеваның ұлы ашуға булықты
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Әнші Роза Рымбаеваның кенже ұлы Мәди Рымбаев желідегі парақшасында өз ренішін жеткізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.
Мәди Рымбаевтың ашулы жазбасына желі қолданушыларының сыни пікірі себеп болған. Анасының ән кешінде өнер көрсеткен видеосын парақшасына жүктеген оған "мына клоунды кім сахнаға шығарған" деп жазған.
«Мен, қарғыс атқыр, кәсіби маманмын. Мен музыкантпын. Мені бағалап, үйрету сендердің шаруаларың емес. Жасап жүргеннің бәрін өз қолыммен, өзім істеймін. Көзіме де, беліме де зиян келтіремін. Мен осының бәріне өмірімнің жартысынан көбін арнадым. Ал тональдіктерді де білмей тұрып, мені үйреткісі келетіндерді тыңдап, төзгім келмейді», - деп ашуланды ол.
Сондай-ақ кәсіби маман өзін менсінбей жүргендерге де үн қатты.
«Мені менсінбегендер, бәрібір ертең алдыма қайта келесіңдер», - деді Рымбаев.
Пікірлер (0)