Алматы әуежайында баланың үстіне әйнек құлады

Жаңалықтар
view 70
news

Сурет : әлеуметтік желі

Алматы халықаралық әуежайында ойнап жүрген баланың үстіне әйнек құлап, маңдайына жарақат келтірді. Оқиға 4 шілде күні Алматы–Шымкент рейсін күту кезінде болған, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

 

Куәгерлердің айтуынша, жасы шамамен 7–9-дар шамасындағы бала перрон жаққа қарай жүгіріп бара жатып, витражды әйнекті байқамай соғылған. Салдарынан әйнек сынып, оның бір бөлігі баланың маңдайына тиген.

Әуежайдың қауіпсіздік қызметі дереу әрекет етіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейін жедел жәрдем қызметі баланы ауруханаға жеткізген.

Әуежай әкімшілігі зардап шеккен балаға көрсетілетін ем-дом шығындарының барлығын өз мойнына алатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларын күту залында қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертті.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *