Техастағы су тасқыны: Құрбандар саны 80-ге жетті, 28-і – бала

Жаңалықтар
view 89
news

Сурет: Ашық дереккөзден

АҚШ-тың Техас штатында болған жойқын су тасқыны салдарынан 80 адам көз жұмды, оның 28-і бала. Бұл туралы Janabastau.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Керр округінде – ең көп шығын
Техастың Керр округінің шерифі Ларри Лита жексенбі күні кешке мәлімдеме жасап, тек осы округтің өзінде 68 адамның қаза болғанын растады. Оның ішінде 40 ересек пен 28 бала бар.

Губернатор Грег Эбботтың айтуынша, көршілес аймақтарда тағы 10 адамның мерт болғаны белгілі болды. Осылайша, су тасқыны салдарынан жалпы қайтыс болғандар саны 80-ге жетті.

Төтенше жағдай жарияланды
Қатты жауыннан кейін өзендер арнасынан асып, жолдар мен байланыс инфрақұрылымы бүлінген. Бірнеше округте төтенше жағдай режимі енгізілді. Көптеген аудандарда электр қуаты мен байланыс жүйелері істен шыққан.

Қайғылы оқиға – балалар лагерінде басталды
Құрбандардың арасында Camp Mystic жазғы лагерінде демалып жатқан балалар да болған. Лагерь маңындағы өзен кенеттен тасып, бірнеше минут ішінде маңайды су басқан. Алдын ала дерек бойынша, 41 адам, оның ішінде 10 қыз бала әлі із-түссіз жоғалғандар қатарында.

Жаңа қауіп – толассыз жауын
АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі (NWS) Техастың оңтүстік-орталық аймақтарында жауын-шашын әлі де жалғасып жатқанын және су тасқыны қаупі сейілмегенін ескертті. Сағатына 100–150 мм көлемінде жауын тіркеліп отыр.

АҚШ билігі көмек көрсетіп жатыр
 Президент Дональд Трамп федералды үкіметтің Техас билігімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Оның тапсырмасымен ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм апат аймағына жол тартты.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *