Алматы мектептерінің бірінде бухгалтер мен шаруашылық меңгерушісі 11 миллион теңге ұрлаған

Жаңалықтар
view 271
news

Фото интернеттен

Алматыда қаласындағы мектептердің бірінің бухгалтері мен директордың орынбасары бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Қала прокуратурасының мәліметінше, Алмалы ауданында мектептердің бірін тексеру кезінде прокурорлар 11 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтаған.

Тергеу барысында 2019 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, мемлекеттік қаражатты ұрлау мақсатында бас бухгалтер мен директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары мемлекеттік бюджеттен төлемдерді негізсіз есептегені анықталды.

"Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 11 миллион теңге көлемінде залал келтірілді. Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді",-деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, жақында Павлодарда осындай жағдай орын алған болатын. Балабақшаның директоры мен есепшісі сөз байласып, аса ірі мөлшерде ақша жымқырды.

Полицияның мәліметінше, жеті жыл ішінде олар бірнеше штаттық бірліктерді заңсыз белгілеп, қосымша төлемдерді заңсыз есептеп отырған. Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар жасаған. Осылайша, әйелдер мемлекетке жалпы сомасы шамамен 63 миллион теңгеге материалдық шығын келтірді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *