5 облыс әлі су басу аумағында тұр
Фото интернеттен
Су тасқынына байланысты еліміздің өңірлерінде жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.
«Министрлік су тасқыны салдарын жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіруді жалғасып жатыр. Министрліктің, әкімдіктердің, Қорғаныс, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитет бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Әрекет ету жедел санатта жүзеге асырылуда. Су тасқының жағдайы тұрақты – күрделі. Батыс аймақтарда су аздап төмендеді, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Су басу аймағында 5 облыс қалып тұр, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жағдай әлі күрделі. Бұл жерлерге шұғыл түрде құтқарушылар мен техника жұмылдырылып, жіберілді. Өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Төтенше жағдайлар аймағынан ең алдымен мүмкіндігі шектеулі адамдар, қарттар, әйелдер және балалар қауіпсіз жерге көшірілді. Су тасқыны кезінен бастап 15 мың 786 адам құтқарылды. Оның ішінде 6 187 бала бар. Адам шығынына жол берілмеді. Қазіргі таңда уақытша орналастыру пункттерінде 4 113 адам, оның ішінде 1 911 бала бар. Олар үшін барлық қажетті жағдай жасалған», - деді Бауыржан Сыздықов.
дереккөз: kaz.inform.kz
Пікірлер (0)