Мұғалімдер аттестациядан қалай өтеді?

Жаңалықтар
view 692
news

Фото интернеттен

Елімізде мұғалімдерді аттестациядан өткізудің жаңа тәртібі енгізілді. Аттестация жүйесіне қандай өзгерістер енгізілді? Енді мұғалімдерге қандай санат беріледі?

Ашық НҚА порталында Оқу-ағарту министрлігі педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрығын жариялады. Құжатта аттестация қалай өткізілетіні егжей-тегжейлі жазылған.

BAQ.KZ тілшісі осы құжатты негізге ала отырып мұғалімдердің аттестациядан қалай өтетінін түсіндіріп көреді.

Аттестацияны өткізу тәртібі қандай?

Аттестаттау педагогтердің барлық лауазымдары үшін:

- біліктілік бағасын;

- ПББ-ны (педагогтің білімін бағалау);

- қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды қамтиды.

Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшылары, басшылардың орынбасарлары үшін қосымша:

- Комиссия отырысында қызмет нәтижелерін таныстыру арқылы әңгімелесуден өтеді.

Егер әдістемелік кабинет заңды тұлға емес мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі болса, онда әдістемелік кабинеттің бірінші басшысы, басшы орынбасары әдістемелік кабинеттің әдіскері ретінде аттестаттау рәсімінен өтеді.

Білім беру ұйымы жыл сайын 1 маусымға дейін алдағы оқу жылына аттестаттау жоспарын жасайды және бекітеді.

Білім беру ұйымдары аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларына, республикалық білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органға аттестатталушы педагогтердің, білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшыларының, басшы орынбасарларының тізімін электрондық тасымалдаушыда ұсынады.

Мұғалімдерге қандай біліктілік санаттары беріледі?

- педагог-модератор;

- педагог-сарапшы;

- үшінші санаттағы басшының орынбасары;

- екінші санаттағы басшының орынбасары;

- үшінші санаттағы басшы,

- екінші санаттағы басшы;

- педагог-зерттеуші;

- педагог-шебер;

- бірінші санаттағы басшының орынбасары;

- бірінші санаттағы басшы.

Педагогикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру ұйымдарын бітірген, педагогикалық қызмет өтілі жоқ тұлғалар ПББ өткеннен кейін жұмысқа қабылданады. Білім беру ұйымы осы тұлғаларға бір оқу жылына «педагог-тағылымдамашы» санатын береді.

Оқу жылы аяқталғаннан кейін білім беру ұйымының комиссиясы педагог-тағылымдамашыға «педагог» біліктілік санатын беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

Аттестация комиссиясының құрамына кім кіреді, олар қандай шешім қабылдайды?

Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар және «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтер; әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдардың әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, білім беруді басқару органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары кіреді.

Комиссия құрамына комиссияның өкілеттіктері қолданылатын кезеңде аттестаттаудан өтетін педагогтер кірмейді.

Комиссия құрамы биылғы оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін аттестаттаушы органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Комиссияның өкілеттік мерзімі Комиссия құрамын бекіту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір жылды құрайды.

Комиссия мүшелері тақ саннан (жетіден кем емес) тұрады. Комиссия төрағасы комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.

Комиссия педагогтердің (ұйымның (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысынан (басшының орынбасарынан) басқа) аттестаттау нәтижелері бойынша келесі тұжырымдармен қорытынды шешім қабылдайды:

1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;

2) қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді;

3) қолданыстағы біліктілік санатынан төмен біліктілік санатына сәйкес келеді.

Педагог жылына неше рет аттестациядан өте алады?

ПББ өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын, тестілеу орнын таңдайды. Тестілеуден бір күн бұрын педагогке тестілеу күні, уақыты, орны туралы хабарлама жіберіледі.

ПББ педагогтің өтінішіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде өткізіледі.

- педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 рет – тегін, 1 рет – ақылы негізде 1 АЕК (3692 теңге) көлемінде;

- мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 рет – тегін өтеді.

Сынамалық тестілеу (педагогтің қалауы бойынша) – ақылы негізде жыл бойы өтеді. Сынамалық тестілеудің нәтижелері ПББ-дан өту үшін негіз болмайды.

Барлық лауазым педагогтері біліктілік санатын беру (растау) кезінде ПББ тапсырады.

Педагогтің білімі қалай бағаланады, қанша тапсырма орындайды?

Педагогтің білімін бағалау (ПББ) мынадай тапсырмалардан тұрады:

Мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптары педагогтері үшін:

- «Мектепке дейінгі педагогика және психология» – 20 тапсырма;

- «Бейіні бойынша тәрбие мен оқыту әдістемесі» - 30 тапсырма;

Бастауыш білім беру педагогтері үшін:

- «Пәндік білім» - 30 тапсырма;

- «Оқыту әдістемесі» - 20 тапсырма;

Негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:

- «Пәндік білім» - 30 тапсырма;

- «Оқыту әдістемесі» - 20 тапсырма;

Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

- «Педагогика негіздері» - 30 тапсырма;

- «Психология негіздері» - 20 тапсырма;

Арнайы ұйымдардың, интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, педагог-ассистенттері, әлеуметтік педагогтері, кәсіби бағдар берушілері, тәлімгерлері үшін:

- «Педагогика негіздері» - 30 тапсырма;

- «Психология негіздері» - 20 тапсырма;

Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері үшін:

- «Бейіні бойынша пәндік білім» - 30 тапсырма;

- «Арнайы педагогика және психология» - 20 тапсырма;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (оқу-өндірістік комбинаттары) үшін:

Жалпы білім беретін пәндер, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша оқытушылар, әдіскерлер, өндірістік оқыту шеберлері үшін:

- «Пәндік білім» – 30 тапсырма;

- «Оқыту әдістемесі» - 20 тапсырма;

Басқа лауазымдардың педагогтері үшін:

- «Оқыту әдістемесі» - 30 тапсырма;

- «Педагогика және психология негіздері» - 20 тапсырма;

Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін:

«Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу» бағыты бойынша - 60 тест тапсырмасы:

Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:

«Оқыту әдістемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасын және нормативтік құқықтық актілерін білу» - 50 тапсырма.

Шекті бал қанша?

ПББ нәтижесі шекті деңгейге жеткен кезде оң деп саналады:

барлық лауазымдағы педагогтер үшін:

- «педагог» біліктілік санаты – 50%;

- «педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

- «педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

- «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

- «педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%.

- білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшысының орынбасарлары үшін – 70%.

Педагогтерге нұсқау беру уақытын есепке алмағанда, ПББ орындау ұзақтығы:

- педагогтер үшін – 80 минут, «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 125 минут;

- білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – 90 минут;

- мүмкіндіктері шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) тұлғалар үшін қосымша 40 минут беріледі.

Аттестация ережесін бұзғандар қалай жазаланады?

ПББ өткізу қағидаларын бұзу дерегі анықталған жағдайда аттестатталушы бір жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.

Педагогтің, бөлім басшысының (меңгерушісінің), әдістемелік кабинет (орталықтың) әдіскерінің қолданыстағы біліктілік санаты «педагог» санатына дейін; білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысының – «басшы» санатына дейін; білім беру ұйымы, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысының орынбасары – «басшының орынбасары» санатына дейін төмендетіледі.

ПББ өткізу қағидаларын бұзу деректері қайта анықталған жағдайда педагог, бөлімнің басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы орынбасары – 5 жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы – 3 жылға аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.

Зейнет жасына жақындаған мұғалімдер аттестация өтпейді

- Егер педагог уақытша еңбекке жарамсыз болса, декреттік демалыстан шықса немесе білім беру ұйымынан мемлекеттік органдарға немесе әдістемелік кабинетке ауысса, онда оның біліктілік санатының қолданыс мерзімі 2 жылға дейін ұзартылады (бұрын 1 жыл);

- Екінші, бірінші, жоғары санаттағы (ескі формат) педагогтерге қолданыстағы форматқа ауысуға жақсы мүмкіндіктер қаралған: олар кез келген біліктілік санатына арыз бере алады («шеберден» басқа) және оң нәтижелер болған жағдайда таңдаған санаты бекітіледі.

- Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады.

- 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері біліктілік санатын растау кезінде тестілеу тапсырудан босатылады.

Апелляцияны қандай жағдайда беруге болады?

ПББ нәтижесімен келіспеген жағдайда педагог ПББ өткізу залынан шықпай-ақ, әрбір тапсырма бойынша дәлелді (толық түсіндірмесі, тапсырмалардың қадамдық шешімі және т.б.) негіздемесімен компьютерлік тестілеу жүйесі арқылы апелляцияға өтініш беруге құқылы. ПББ өткізу залынан шыққаннан кейін апелляцияға педагогтің өтініші қабылданбайды.

Апелляция техникалық себеп бойынша (тапсырмаларда фрагменттің немесе мәтіннің болмауы) және келесідей тест тапсырмаларының мазмұны бойынша қаралады:

- дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспегенде;

- дұрыс жауап жоқ болғанда;

- бірден көп дұрыс жауап болғанда;

- тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайда.

Айта кетейік, аттестаттау комиссиясы қаңтар-маусым айларында жұмыс істейді және жылына 1 рет шешім шығарады. Осылайша аттестациядан өткен педагогтер 1 қыркүйектен бастап жалақыларына тиісті үстемақыларды алуға мүмкіндік алады.

Аттестация ережесіне қатысты басқа да сұрақтардың жауабымен Ашық НҚА-да танысуға болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *