Алматы «Қайрат» – «Реал» матчынан 4,8 млрд теңгедей табыс табады

Жаңалықтар
view 100
news

Фотосурет: centralstadium.kz

Алматы «Қайрат» – «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасы ойыны есебінен 4,8 миллиард теңгеге дейін пайда табуы мүмкін, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Матч 30 қыркүйекте өтеді. Оған мыңдаған шетелдік жанкүйер келген.

Қалалық туризм басқармасының дерегінше, 4-5 мыңға жуық шетелдік қонақ күтіліп отыр. Mastercard төлем жүйесінің мәліметіне сай, туристер қалада орта есеппен 3,5 күн аялдап, тәулігіне шамамен 441 доллар (241 963 теңге) жұмсайды.

Бұл көрсеткіш мынадай табыс әкелмек:

  • бір күнде 1,76-2,2 миллион доллар (шамамен 952,2 миллион – 1,2 миллиард теңге);
  • төрт күнде 7-8,8 млн доллар (шамамен 3,8 – 4,76 миллиард теңге).

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында Алматыда тағы 3 еуропалық клубпен матч өтеді. Олар – «Брюгге», «Олимпиакос» және «Пафос».

Әрбір ойында кемінде 1 мың шетелдік жанкүйер болады деп болжанып отыр. Туристердің шығындары тек стадионмен шектелмей, қонақүй мен пәтер жалдау, көлік, тамақтану, ойын-сауық және қызмет көрсету салаларына да жұмсалмақ.

Еске сала кетсек, қазір Алматыға шабуылшылар Килиан Мбаппе, Джуд Беллингем және Родриго келген. Ал капитан әрі негізгі қорғаушы Дани Карвахаль тізімде жоқ. Ол алдыңғы ойында жарақаттанып қалған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *