Ақбота Сейтмағамбет үйленіп жатқан экс-күйеуіне бақыт тіледі

Жаңалықтар
view 97
news

Фотосурет: дереккөз

Актер Дәурен Айдарқұлов Instagram-дағы парақшасында көпшілікке сүйінші жаңалығын жария етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол өз жазбасында үйленгенін хабарлап, неке қиған сәтінен фотосуреттер жариялады.

Мен үйлендім. Әлхамдулилләһ! - деп жазды актер.

Жазбаны көрген желі қолданушылары оған ақ тілектерін жаудырды. Қуанышына ортақ болып, ізгі тілектерін қалдырғандар қатарында Ақбота да бар.

Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын! – деген пікір қалдырды Ақбота Сейтмағамбет.

Еске сала кетсек, бұл – Дәурен Айдарқұловтың үшінші некесі. Бірінші отбасынан 3, екінші некесінен 2 баласы бар. Ол актриса Ақбота Сейтмағамбетпен 2020 жылы ажырасқан болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *