Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында сел жүру қаупі бар
Жаңалықтар
30
Фотосурет: дереккөз
«Қазселденқорғау» ММ 3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қауіпті гидрометеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды JANABASTAU.kz.
Мекеме мәліметінше, ауа температурасының жоғары болуы және алдағы күндері болжанған нөсер жауын-шашын салдарынан тау беткейлерінен қарқынды су ағуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Соның салдарынан көшкін жүруі мен сел қаупі туындауы мүмкін. Осыған байланысты құтқарушылар аталған өңірлердің тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын қатаң сақтауға, ауа райы болжамын бақылап, таулы аймақтарға барудан барынша бас тартуға шақырды.
Пікірлер (0)