Алматыда 18 жасар қызды такси жүргізушісі ұрлап, зорлық-зомбылық көрсеткен
Сурет: Ашық дереккөзден
Алматыда такси жүргізушісі кәмелетке толған жасөспірімді ұрлап әкетіп, зорлық-зомбылық жасағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
“НеМолчи” қорының мәліметінше, оқиға 19 қыркүйек күні болған. 2007 жылы туған 18 жасар қызды жүргізуші алдын ала ұнатып жүрген адам болып шыққан. Ол қызды күштеп алып кетіп, зорлық-зомбылық көрсеткен.
«Жәбірленушіні бес сағат бойы тергеді. Бір полиция бөлімшесінен екіншісіне, одан кейін үшіншісіне алып барған. Тек прокурор қоңырау шалғаннан кейін ғана арызды Медеу ауданында тіркеуге тырысқандай болды. Алайда сараптамаға жіберуден үзілді-кесілді бас тартты», – делінген қор хабарламасында.
Қор өкілдерінің айтуынша, қыз түні бойы жуынбай, полиция бөлімшелерін аралап жүрген. Мемлекеттік адвокат түнде келгенімен, сараптаманы күтпей кетіп қалған.
Осыған байланысты “НеМолчи” қоры бұл іске Бас прокуратураның араласуын талап етті.
Пікірлер (0)