Ардақ Назаровқа қатысты тағы да шу шықты

Жаңалықтар
view 96
news

Фото: mazhilis.kz

Журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желіде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаровтың біліміне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі журналистің Facebook-парақшасына сілтеме жасап.

Ол Назаровтың бұрынғы курстастарынан пікір күтетінін мәлімдеді.

Әбенованың дерегінше, Ардақ Назаров 2011 жылы, 31 жасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған қоса, ашық дереккөздерде оның Қазақ көлік және коммуникациялар университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітіргені жазылғанымен, нақты оқу жылы көрсетілмеген.

Парламент сайтындағы мәліметке сәйкес, Назаров 2014 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған.

Журналист Уикипедиядағы Ардақ Назаровтың өмірбаянындағы білім туралы абзац кеше ғана бар болып, бүгін жойылып кеткенін атап өтті. Қазір онлайн энциклопедиядағы деректер бірден спорттық жетістіктерінен басталады.

«Кеше ғана Назаров жайлы жазбамды 17,6 мың адам көрді. Менің өтінішім: осы аталған үш университеттің бірінде Назаровпен бірге оқығандар болса, пікір жазыңыздар», – деді Әбенова.

Ол бұған дейін Жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Көкше» академиясындағы студенттік жылдарына қатысты да ешкімнен пікір келмегенін қоса айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *