Ауғанстанда интернетке тыйым салынды: Ахундзада түпкілікті шешім қабылдады

Жаңалықтар
view 24
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ауғанстанның жоғарғы көшбасшысы Хайбатулла Ахундзада ел аумағында интернет пен Wi-Fi-ды толықтай өшіруге бұйрық берді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Afghanistan International-ге сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, аталған шешім түпкілікті болып, қайта қаралмайды. Қазірдің өзінде 17 қыркүйектегі жағдай бойынша елдің 34 провинциясының 10-ында интернетке қолжетімділік толық тоқтатылған.

Бұл қадам қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Сарапшылардың пікірінше, интернетке жаппай тыйым салу ақпарат алмасуға, экономикалық байланыстарға және халықтың күнделікті өміріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *