Алматыда Ресей блогерінен пара алған полицей қызметтен босатылды
Фотосурет: zakon.kz
Алматыда полицей Ресей блогерінің қымбат Lexus LX570 көлігінің мемлекеттік нөмірін қайтарып бергені үшін қызметінен босатылды. Кейін ол сот арқылы қызметке қайта оралуға тырысқан, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews-ке сілтеме жасап.
2022 жылы күзде Ресей блогері Алматыда көлікті тыйым салынған жерге қойғанын әлеуметтік желіде жариялап, нөмірін полиция алғанын айтқан. Кейін ол полицейге пара беріп, нөмірін қайтарып алған.
Қызметтік тексеріс жүргізілген соң, Н.О. қызметтен босатылған. Ол сотқа жүгініп, шешімді заңсыз деп тануды сұрап, қызметке қайта қабылдауды сұраған. Алайда аудандық сот 2025 жылғы 28 мамырдағы шешімінде арызды қанағаттандырудан бас тартты. Сот дисциплинарлық комиссия шешімін заңды және негізді деп таныған. Апелляциялық шағым да қанағаттандырылмаған.
Сот материалдарына сәйкес, қызметтік тексеріс кезінде полицейлер әкімшілік хаттама толтырмай, тек ескерту жасаған. Бұл әрекет ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтірген деп бағаланған.
Пікірлер (0)