Майғазиев пен Еспановтың ұлдарын құзырлы органдар тексермек

Жаңалықтар
view 75
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов «Қайрат»-«Реал Мадрид» ойынына билет сатқандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Тілшілер ІІМ өкілінен «Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдары 50 билетті сатты деген ақпарат бар. Олардың билетті 200 пайыздық үстеме бағамен сатқаны туралы айтылады. Бұл фактілер тексеріле ме?» деп сұрады.

Бұл ақпаратты қазір сізден алдым. Біз тексеру жүргізуге дайынбыз. Ол үшін бізге арыз қажет. Соның негізінде міндетті түрде тексеру жүргізіп, процессуалдық шешім қабылдаймыз, – деді вице-министр.

Ал қазір әлеуметтік желіде билеті бар адамдардың өзі матчқа кіре алмай қалған деген ақпарат тарап жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *