Қар жамылып, мұз құрсанудан дірдек қаққан жұртқа жақсы жылу қажет
Фотосурет: krasrab.ru
«Қазгидромет» синоптиктері 3, 4 және 5 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік циклонның ойысы әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. 2-3 қазанда республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде қатты жауын-шашын болжанып отыр.

Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман байқалады, – деді синоптиктер.
Температура қалай өзгереді?
Батыс өңірлерде түнде +2…+13°С-қа дейін, күндіз +20…+25°С-қа дейін біртіндеп жылы болады.
Солтүстік-батыста түнде -1…-9°С, күндіз +10…+23°С-қа дейін көтеріледі.
Солтүстікте түнде -7…+3°С, күндіз +3…+13°С аралығында күтіледі.
Орталықта түнде -8…+2°С, күндіз +5…+18°С аралығында болады.
Оңтүстікте түнде +2…+10°С, күндіз +15…+25°С дейін жылынады.
Қалған өңірлерде температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.
Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер қазан айының басында суық болатынын, алайда бірінші онкүндіктің ортасына қарай «мизамшуақ» келетінін хабарлаған еді. Жылы күндер алдымен батысқа, оңтүстікке және орталыққа жетеді, содан кейін солтүстік пен шығыста да ауа температурасы көтеріледі. Айдың алғашқы жартысында тұрғындар жайлы ауа райына қуанады, бірақ ай соңына қарай күн қайтадан салқындайды.
Пікірлер (0)