Алматыда жағымсыз иіс шыққаны үшін қарт әйелді автобустан түсіріп тастаған (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин
Алматыдағы қоғамдық көліктердің бірінде автобус жүргізушісі жолаушылардың шағымынан кейін қарт әйелді салоннан түсіріп жіберген, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиғаға жолаушыдан жағымсыз иіс шыққаны жөнінде наразылық себеп болған. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, оқырмандар жүргізушінің әрекетін сынап жатыр. Олар жолаушылар тасымалдаушы компания мен жауапты органдардан ресми түсініктеме беруді талап етуде.
«Сол автобуста тұрғанның барлығының басына келсін», «- Выйдите пожалуйста! – Ау, айналайын...», «Перегар ұрып тұрғандарды неге қумайды апаны қуғанша», «Әжеге өте қиын», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
@elitar.kz Алматыдағы қоғамдық көліктердің бірінде автобус жүргізушісі жолаушылардың шағымынан кейін қарт әйелді салоннан түсіріп жіберген. Оқиғаға себеп – жолаушыдан жағымсыз иіс шыққаны жөніндегі наразылық. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, қолданушылар жүргізушінің әрекетін сынға алды. Қазір желі қолданушылары тасымалдаушы компания мен жауапты органдардан ресми түсініктеме беруді талап етуде.
♬ оригинальный звук - Elitar
Пікірлер (0)