Қазақстанда доллар арзандап жатыр
Фотосурет: YouTube.com
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 26 желтоқсанға белгіленген ресми доллар бағамы жарияланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 504,6 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,44 теңгеге төмен.
Ұлттық банктің 26 желтоқсанға белгіленген ресми доллар бағамы — 512,81 теңге.
Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 502,19 теңгеден сатып алып, 506,58 теңгеден сатып жатыр.
Астанада доллар 499,78 теңгеден қабылданып, 506,78 теңгеден сатылуда.
Ал Шымкент қаласындағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 501,11 теңгеден сатып алып, 505,25 теңгеден сатуда.
Пікірлер (0)