Алматыда жолаушы әйел ұшақта ішімдік талап еткен

Жаңалықтар
view 110
news

Фото: airastana.com

Алматы әуежайында полиция қызметкерлері ұшақта ішімдік талап еткен әйелді «Алматы-Ақтау» рейсінен түсіріп тастады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшаққа отырғызу кезінде әйел мас күйде болған, өздігінен жүре алмай, бірнеше рет құлаған. Сондай-ақ ол алкогольді ішімдік талап етіп, агрессивті мінез-құлық танытқан көрінеді.

Белгілі болғандай, факт бойынша жолаушы қоғамдық орында алкогольдік мас күйде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Көліктегі полиция мұндай мінез-құлыққа жол берілмейтінін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді, – делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *