Алматылық әйел орыстарды балағаттағаны үшін 2 жылға сотталды
Жаңалықтар
304
Сурет: Ашық дереккөзден
Алматы соты Қазақстан азаматы Марал Жалелованы ұлтаралық араздықты қоздырды деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды janabastau.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелге TikTok желісіндегі орыстарды Қазақстаннан кетуге шақырған видеосы үшін айып тағылған.
"Марал Жалелова “ұлтаралық араздықты қоздыру” бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – делінген сот үкімінде.
Сотта Жалелова өз кінәсін мойындамаса да, айтқан сөзі үшін кешірім сұрады.
Пікірлер (0)