“Айтқанымды істе”: жыныстық қатынасқа түскен видеосымен ер адам әйелді қорқытып келген
Сурет: видеодан скриншот
Әйел кездесуден бас тартса, еркек видеоларды жұмысына барып көрсететінін айтқан. Әйел кездескен ер адамы оны бопсалап жүргенін айтып, заңгерден көмек сұрады, деп хабарлайды janabastau.kz KYN.KZ-ке сілтеме жасап.
Айтуынша күйеуімен ажырасқаннан кейін 1 жылдан соң өзінен 4 жас үлкен еркекпен танысқан. Алайда қарым-қатынастары үзілсе де ол әйелді мазалап жүрген көрінеді.
“Ол кісі де ажырасқан. Оның жүріп жүрген басқа да әйелдері бар екен. Оны кейіннен білем. Сөйлесіп жүреміз. Шілденің аяқ жағында кездесіп жыныстық қатынасқа түсеміз. Соны ол видеоға түсіріп алған. Мен енді кездесуден бас тартсам жұмысыңа видеоларды апарып көрсетемін дейді. Маған тыныштық бер десем, қайта жазып жүр”,- деп жазады автор заңгер Ләззат Рақышеваға.
Ер адамның бопсалауынан шаршаған ол заңгерден көмек сұрады.
Пікірлер (0)