«Алматының әуе кеңістігі жабылып, әскери жағдай енгізілді»: министрлік ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
612
Фотосурет: Polisia.kz
Әлеуметтік желілерде «әскерилердің қимыл-әрекеттеріне байланысты Алматының әуе кеңістігі жабылып, әскери жағдай енгізілді» деген ақпарат тарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Алайда Қорғаныс министрлігі бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
Ведомство Алматының әуе кеңістігіне ешқандай шектеу енгізілмегенін мәлімдеді.
Әуе кеңістігін пайдалану Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті органдар арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік желілерде таралған ақпараттың жалған екенін естеріңізге саламыз, - делінген хабарламада.
Пікірлер (0)