Алтай Көлгінов LRT жобасына қатысты пікір білдірді

Жаңалықтар
view 178
news

Фото: CTS

Қазақстанның Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі, бұрынғы Астана әкімі Алтай Көлгінов елордадағы LRT жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Астанада LRT-да жұмыс істеуге мамандар қабылдап жатыр

Ақордада өткен іс-шараның кулуарында журналистер Алтай Көлгіновтен Астанадағы LRT құрылысы аяқталуға жақындағанын айтып, жоба туралы ойын сұрады.

Жобаны бағалайтын – тұрғындар. Бір кездері мен де бұл жобаға қатысып, 3,5 жыл жұмыс істедім. Көріп тұрғандарыңыздай, қазір жұмыс аяқталуға жақын. Жақында, бұйырса, тұрғындар оны қоғамдық көлік ретінде пайдаланып, мінетін болады. Бұл өз кезегінде жолдағы кептелісті азайтуға да үлес қосады деп ойлаймын, – деді ол.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Астанадағы LRT-ның келесі желісі Қосшы бағытымен салынады

Еске салайық, Алтай Көлгінов 2019 жылдың 13 маусымынан 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін Астана әкімі қызметін атқарды. 2022 жылдың қыркүйегінде ол Астана LRT жобасын тұрақты қаржыландыру болған жағдайда екі жыл ішінде аяқтауға болатынын мәлімдеген еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *