Астанадағы LRT-ның келесі желісі Қосшы бағытымен салынады

Қосшы жаңалықтары
view 220
news

Фото: Фото: CTS

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жеңіл рельсті көлік жүйесінің (LRT) келесі тармағы Қосшы қаласы бағытымен өтетінін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Әкімнің сөзіне қарағанда, күн сайын Қосшыдан Астанаға 15–20 мыңға жуық автокөлік кіреді. Бұл қала жолдарына айтарлықтай салмақ түсіріп отыр.

Қосшы өсіп келе жатқан ірі серік қала. Ол Астананы белгілі бір деңгейде жеңілдетіп отыр. Сондықтан бұл бағыттағы қозғалыс өте белсенді, сол себепті келесі кезеңде LRT құрылысын дәл осы бағытта бастаймыз, - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол бұл желі екінші кезеңнің бір бөлігі ғана екенін атап өтті. Екінші тармақ Сығанақ көшесі арқылы Тұран даңғылына, одан әрі қаланың ескі бөлігіне — теміржол вокзалына дейін жалғасады.

Қосшы бағытына апаратын желіні шамамен бір жарым жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Астана әкімі жобаны іске асыруға қарыз қаражат тартылуы мүмкін екенін айтты.

Қосшы бағытындағы желінің бір бөлігі жер үстімен өтетіні белгілі болды.

Бүгінде таңертеңгі уақытта, әсіресе сағат 8 шамасында, Қосшыдан қалаға 50 мыңнан астам адам қатынайды. Бұл Тұран, Қабанбай батыр және Мәңгілік Ел даңғылдарына үлкен жүктеме түсіреді, - деп қосты әкім.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *